Қазақстан жыл сайын Қытайға 80 мың тонна қой етін жеткізуді жоспарлауда


«Қазақстан жыл сайын Қытайға 80 мың тонна қой етін жеткізуді жоспарлауда», — деп хабарлады «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) басқарма төрағасының орынбасары Нуржан Альтаев.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының ресми отырысында Н.Альтаев «Осы ай бойында Қытайға қой етін тасу бойынша хаттамаға қол қойылады деп күтілуде. Біздің кәсіпорындар қытайлық инспекция тарапынан тексерілді, және тексеруден барлығы дерлік өтті. Енді қой еті нарығы бізде де ашылмақ. Біз келесі жылы осы түрдегі ет түрін жылына 80 мың тоннаға дейін арттыруды ойластырып отырмыз», — деп айтты.

Сондай-ақ, ол қытай нарығында Қазақстанның қатаң бәсекелесі бар екендігін де атап өтті.

«Қой еті бойынша қатаң бәсекелестің бар екені де түсінікті – Австралия, алайда, олар тоңазытылған етті тасымалдайды. Біздегі артықшылық – салқындатылған жас ет».

Еске сала кетейік, өткен жылы ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Гульмира Исаева Қытайға етті экспорттау жоспарланып жатқанын хабарлаған болатын.

«Біз жылына жеткізуді жоспарлап жатқан еттің көлемдері 50 мыңнан 60 мың тоннаға дейін сиыр еті және 300 мың тоннаға дейін қой еті», — деп Г.Исаева 2016 жылдың қазан айында хабарлаған болатын.

Барлық құқықтар қорғалған. kazakh-zerno.kz сайтына сілтеме пайдаланылған.




Назад в блог Следующая запись