Поиск в регионе: Все страны

Араб инвесторлары Оңтүстік Қазақстанда қант зауытын салуға ниеттенуде

Біріккен Араб Әмірліктері Оңтүстік-Қазақстаноблысымен сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға бел буып отыр. Бұлтуралы Оңтүстік Қазақстан облысы Жансеит Туймебаевпен кездесуінде ҚР БіріккенАраб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Кайрат Лама Шариф хабарлады.<o:p></o:p>

Кездесу барысында екі жақтысауда-экономикалық қатынастар және ортақ жобаларды іске асыру барысыталқыланды. Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктерінің кәсіпкерлері Шымкентте қантзауытын салу, және де оңтүстік аймақтардан тұрақты түрде қойларды сатып алу қызығушылықтарытуралы ұсыныстарын білдірді. <o:p></o:p>

«Бүгінде екі елдердің инвестициялықтартымдылығы жоғары деңгейде. Онымен қоса, Біріккен Араб Әмірліктерінің Оңтүстік-Қазақстаноблысына қант зауытын тұрғызу туралы ұсынысы әлі де өз күшінде. Сондай-ақ, арабелі басқа да салалардағы қарым-қатынастарды нығайтуды жоспарлауда», — деп айтыпөтті өкілетті елші. <o:p></o:p>

Өз кезегінде, аймақ басшысы Біріккен АрабӘмірліктерінің инвестициялық ұсыныстарын қолдауға дайын екендігін білдірді.Онымен қоса, аймақ басшысы БАӘ ірі сауда орталықтарында Оңтүстік Қазақстандықөнімдерді сататын бөлімдерді ашу мәселесін қозғады. <o:p></o:p>

Ауданы 2600 кв.км құрайтын Шарджа БАӘ мәдени орталығы болып саналатынын ескерекеткен жөн. Халық саны шамамен 464 мың адам. Шарджа барлық батыс әмірліктердіңәлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі рөлді атқарады. <o:p></o:p>

Барлық құқықтарқорғалған. kazakh-zerno.kz сайтына сілтеме пайдаланылған.<o:p></o:p>



Назад в блог Следующая запись